Қазақстан жаңалықтары18 наурыз 2024, 14:23

«Оюлар сөйлейді». Өскеменде 3D технологияда ұлттық киімдер үлгісі көрсетілді

«Оюлар сөйлейді» атты фестиваль өтті. Өскемен қаласында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Оюлар сөйлейді» атты фестиваль-жәрмеңке өтті. О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада ұйымдастырылған «Оюлар сөйлейді» фестиваль-жәрмеңкесінде қолөнер шеберлері көрмесі, ұлттық шапандар дефилесі көрсетілді. Сондай-ақ ұлттық ыдыс-аяқтар және «Сырмақтар сыры» көрмелері қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Фестиваль Наурыз мейрамының қазақ халқына қалай қайта оралғаны жайлы деректі фильмнен басталды. Одан кейін өнерпаздар әннен шашу шашып, домбыраны күмбірлетіп күй тартты. Жәрмеңкеге қойылған ұлттық киімдер мен түрлі қолөнер бұйымдарын ниет білдіргендер сатып алып жатты. Киім-кешекті Шығыс Қазақстан облыстық «Жан ана» қоғамдық бірлестігі тігіп әкелген.

«Жуанның жіңішкерін, жіңішкенің үзілер шағында келіп жеткен әз Наурыз мейрамын биыл жаңаша атап өтудеміз. Әр күннің өз тақырыбы, өз мазмұны бар. Бүгінгі Ұлттық киім күні халқымыздың көнеден келе жатқан киімін ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттау үшін қажет. Фестиваль-жәрмеңкеге өз қолымен тіккен киімдерін ұсынған – бірлестігіміздің мүшесі, көпбалалы ана Гүлбарам Көксегенова. Осындай игі мақсаттағы шараларға қатысуға әркез дайынбыз», - дейді «Жан ана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлжамал Бершімбекова.

Бұдан бөлек, фестивальде 3D технологияда ұлттық киімдер үлгісі көрсетілді. Жиналған жұртшылық арасында да ән шырқап, өлең оқып, елді мейраммен құттықтап, ақжарма тілектерін ақтарғандар болды.

 

 

Оюлар сөйлейді Өскемен 3D технология ұлттық киімдер
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:13 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар