Қазақстан жаңалықтары17 тамыз 2025, 11:25

Пәкістандағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 330-ға жетті

Пәкістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 330-ға жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Пәкістандағы толассыз жауған жаңбыр салдарынан кей өңірлерде апатты жағдай орын алды. Хайбер-Пахтунхва провинциясында су тасқыны болып, 307 адам қаза тапты, Гилгит-Балтистан аймағында – 12, Азад-Кашмирде – 11 адам көз жұмды.

Хайбер-Пахтунхва билігі 32 адамның хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеді.

Пәкістан билігінің дерегінше, елдің солтүстігінде толассыз нөсер 21 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.

Пәкістан Қаза Адам Су тасқыны

Тақырыпқа жаңалықтар