Пәкістанның солтүстік-батысында жүргізілген операция барысында алты лаңкес өлтірілді
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында барлау қызметінің мәліметтері бойынша жүргізілген операция барысында 6 лаңкес өлтіріліп, тағы алтауы жарақат алды, деп жариялады жексенбі күні әскерилер, - деп хабарлайды Arbat.media.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері Солтүстік Вазиристан округіне қарасты Спинвам ауданында лаңкестердің жүру қаупіне байланысы операция жүргізді, делінген Пәкістан армиясы баспасөз қызметінің Қоғаммен байланыс ведомствоаралық басқармасының мәлімдемесінде.
Операция барысында әскерлер лаңкестар орналасқан жерге нәтижелі шабуыл жасады. Соның салдарынан алты лаңкес өлтірілді, делінген мәлімдемеде. Сонымен қатар онда өлтірілген лаңкестердің қауіпсіздік күштеріне қарсы террористік әрекеттер мен осы аудандағы бейбіт тұрғындарды әдейі өлтіру істеріне белсенді араласқаны айтылады.
Мәлімдемеде операция барысында қару-жарақ пен жарылғыш затар сақталған құпия қойма анықталғаны да жазылған.