Париж-Астана әуе рейсі қайта іске қосылмақ

Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Airbus компаниясы A320neo әуе кемелерін жеткізу және авиациялық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге келген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Париж қаласында өткен Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің отырысы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 16-шы Үкіметаралық комиссияның мәжілісінде қос тарап Airbus A320neo әуе кемелерін жеткізу жөніндегі Меморандум папкаларымен алмасу рәсімін өткізген. Құжатта «алғашқы 25 ұшақты жеткізу және кейіннен қосымша санын 25 ұшаққа дейін арттыру мүмкіндігі» қарастырылған.

Сондай-ақ Париж-Астана рейсін қайта ашу және Шымкент-Ницца бағытындағы жаңа әуе қатынасын іске қосу мәселесі көтерілген.

Көлік министрлік Ұшақ Әуе баспасөз

Тақырыпқа жаңалықтар