Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 17:03

Пәтерде тұрғындарды шектеусіз тіркеуге тоқауыл қойылмақ

Пәтерде тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне айыппұл 2 есеге өседі. Бұл норма бүгін Парламент Мәжілісінде таныстырылған елорданы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелеріне арналған заң жобасында қамтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазіргі кезде халық ірі қалаларға көшіп келуге тырысады, бұл үрдіс пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына алып келді. Көбінесе тұрғын үй иелерінің өздері көші-қон заңнамасын бұзуға жол береді, үйінде тұрмайтын азаматтарды белгілі бір төлем үшін тіркейді. Мәселен, Астана қаласындағы пәтердің бірінде 800-ден астам адам тіркелген», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Осы мәселені шешу мақсатында:

- «Астана мәртебесі туралы» Заңына тұрғылықты жері және елорда аумағында уақытша болатын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту жөніндегі мәслихаттың құзыретін кеңейту;

- «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына Астана аумағында белгіленген нормативтерден артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылды.

«Бұл ретте, тіркеу нормативтері тұрғын үйдің меншік иесі жұбайын және жақын туыстарын тіркеген кезде қолданылмайды. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын жеке адамдарды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне айыппұлды 2 есеге ұлғайту (10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін) ұсынылды», - деді вице-министр.

 

пәтерге тіркеу Заң тосқауыл тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар