Павлодар облысында автобус аударылып қалды
7 қарашада Павлодар облысында жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып, салдарынан бір адам қаза тауып, алтауы жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өңірлік ПД өкілдерінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы "Павлодар–Қызылорда" автожолында, Шідерті кентінен 10 шақырым жерде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша рейстік автобустың жүргізушісі көлікті басқара отырып, оны жол жиегіне аударып алған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жолаушы көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: