Павлодарда бүйрегін сатпақ болған шетелдік әйелге сот үкімі шықты
Павлодарда бүйрегін сатпақ болған шетелдік әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Анықталғандай, 2024 жылы әйел желі арқылы бүйрегін 50 мың АҚШ долларына сатуға келіскен.
Трансплантациялау Павлодарда жасалуы тиіс болатын.
2025 жылы ол елге келіп, медициналық тексеруден өтіп, алдын ала 5 млн теңге ақша алған.
Содан кейін полиция оны ұстаған.
Сот әйелге 10 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Күзетпен ұстауда болған уақытты ескере отырып, жаза өтелді деп танылып, сотталған әйел күзетпен ұстаудан босатылды", - делінген сот материалында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: