Павлодарда ер адамның мәйіті табылды
Жартылай құлаған ғимарат қирандыларының арасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Павлодарда 7 қараша күні болған. Жаңадан салынып жатқан мектептің еден плитасы құлаған. Салдарынан 1967 жылы туған ер адам қиранды арасында қалып қойған.
Ал 8 қараша күні таңғы сағат 4:31-де ер адамның денесі табылып, шығарылды. Полиция "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: