Қазақстан жаңалықтары30 маусым 2024, 0:36

Павлодарда скутерші ЗИЛ-мен соқтығысып қаза тапты

Облыс орталығындағы көшелердің бірінде скутер ЗИЛ көлігімен соқтығысқан. Скутер жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. «Скутер жүргізушісі көшеде ЗИЛ көлігімен соқтығысқан. Ол алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмды. Аталған оқиға бойынша тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді департаменттен. Полиция департаментінің дерегінше, жыл басынан бері өңірде мотокөліктердің қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 4 адам қаза тапқан. Тағы 14 адам жарақат алған. Оқиғалардың тең жартысында қос доңғалақты көлікті кәмелетке толмаған жасөспірімдер жүргізген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар қаласы патрульдық полиция батальонның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының және жол жүру ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында, сондай-ақ мопедтер мен самокаттарды пайдалану бөлігіндегі заңнама талаптарын түсіндіруге бағытталған пысықтау шараларын жүргізіп жатыр.

«Бір тәуліктің ішінде 110 скутердің жүргізушісі жауапқа тартылып, микромобильдер арнайы тұрақтарға орналастырылды. Жас жүргізушілер негізінен көлікті дулығасыз басқарған, сонымен қатар сертификат және vin кодтары бар техпаспорты болмаған. Барлық мотоцикл иелеріне құжаттар ұсынылғаннан кейін ғана қайтарылады», - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

павлодар Скутер өлім ЗИЛ

Тақырыпқа жаңалықтар