Павлодарда зейнеткер алаяқтарға алданып қала жаздады

Зейнеткерге белгісіз біреу қоңырау шалып, есептегішке пломба қояйылатынын айтып, 1414 сервисінен келген кодты беруді сұрайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кейін «банк» атынан қоңырау шалып, жинағына қауіп төніп тұрғанын айтып, ақшаны шешіп курьерге беруді нұсқаған.

Зейнеткер депозиттен 24 млн теңгені алып, 800 мың теңге комиссия төлеп әрі қарай нұсқаулықты күтеді.

«Қария сол арада құрбысына қонаққа барып мән-жайды айтқанда, ол учаскелік инспекторға хабарласады. Қазіргі кезде тергеу басталды. Алаяқтардың абоненттік нөмірлері анықталып жатыр», – деді полиция.

Павлолар алаяқ Зейнеткер Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар