Қазақстан жаңалықтары22 мамыр 2025, 15:01

Павлодарлық оқушы қыз оңай ақша таппақ болып сұмдық әрекетке барған

Павлодарлық оқушы қыз оңай ақша таппақ болып, есірткі таратқан, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жағдай Екібастұзда болды. Жергілікті полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Оның мұндай ұсынысты әлеуметтік желіде тапқаны белгілі болды.

Қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары есірткіні таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, кейбір жекелеген есірткі түрлері үшін 14 жастан басталатынын еске салады.

Қылмыс Есірткі әшкере болды

Тақырыпқа жаңалықтар