Петропавл орталығынан ер адамның денесі табылды
Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан өлген ер адамның денесін тауып алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.
— 11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде, — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: