Петропавлда фельдшерді балағаттаған зейнеткер айыппұл арқалады

Петропавлда фельдшерге балағат сөз айтқан зейнеткер айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Іс материалдарына сәйкес, фельдшер медициналық есепте тұрған қарияның тұрғылықты жеріне барған.

Қызметтік міндеттерін орындау барысында медицина қызметкеріне пациент тарапынан агрессивті мінез-құлық танытылған.

Ол бөгде адамдардың көзінше фельдшерге балағат сөз айтып, баспалдақ алаңынан шығарып жіберуге тырысқан.

Сот отырысында зейнеткер өз кінәсін мойындады.

Оған 82 572 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Петропавл медицина Зейнеткер Дәрігер

Тақырыпқа жаңалықтар