Петропавлда мектептердің біріне оқушы тапанша алып келген

Мектеп әкімшілігіне ата-аналардан жоғары сынып оқушыларының бірінде сыртқы пішіні тапаншаға ұқсас зат бар деген деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тексеру барысында ол заттың пневматикалық тапанша екені белгілі болды, ол атыс қаруы санатына жатпайды. Зардап шеккендер жоқ. Жасөспірім ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, тергеу жүріп жатыр.

Полициядағылар тексеру аяқталғаннан кейін күзет қызметкерлерінің әрекеттеріне де құқықтық баға берілетінін айтты.

Тапанша Мектеп Оқушы Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар