Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 9:53

Петропавлдағы өрт: екі бала мен әйелдің өліміне отағасы кінәлі болуы мүмкін

Петропавлда екі сәби мен келіншектің өліміне отағасы кінәлі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға қыркүйек айының соңында болған еді. Петропавлдағы Волочаевская көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп, өрт сөндіру барысында өрт орнынан 3 адамның – 20 жастағы келіншектің, 5 және 1 жастағы екі баланың денесі табылған еді. Үй иесі – 25 жастағы жігіт терезені бұзып шыққанымен, отбасы мүшелерін құтқара алмаған.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Енді қылмыстық іс «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша қаралып жатыр.

Аталмыш фактімен қылмыс құрам болғандықтан қосымша қылмыстық іс тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды, тергеу әрекеттері жүргізіледі. Қылмыстық іс облыс прокуратурасы және полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.  

Петропавл Өрт өлім Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар