Полиция іздеген әйел Ертістегі парапеттен құлап өлді
Өскемен қаласында полиция іздеу жариялаған әйел Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап өлді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тұрғындар Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап кеткен әйелді байқап, құтқарушылар мен жедел жәрдемге хабар берген.
«ТЖД қызметкерлері оны зембілге салып көтеріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ол ауруханада көз жұмған. Әйелге 13 қарашада полиция іздеу жариялаған. Ол жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: