Полиция қызметкері мас күйде көлік жүргізген
Мас күйінде рульге отырып, көлік басқарған ақмолалық полиция қызметкеріне қатысты тәртіптік сипаттағы қатаң шара қолданылады. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Ведомствоның мәліметінше, мас күйінде рульге отырған полиция қызметкері жауапқа тартылған.
«Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылданатын болады, тіпті ішкі істер органдарындағы жұмысынан да қуылуы мүмкін», — деп түсіндірді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желіде Астана қаласында Ақмола облысы ПД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Қайрат Жанаевтың мас күйінде автокөлік басқарған жерінде ұсталғаны жарияланған еді.