Польшада жоғалып кеткен қазақстандық Екатерина Шилова өлі табылды

Польшада із-түзсіз жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилова өлтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлеуметтік желілерде Екатерина Шилованы Варшава қаласынан өлі күйінде тапқаны, оның өлтірілгені туралы ақпарат тарады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза тапқанын растады.

«Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның жақындарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста. Елшілік барлық консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті отанына қайтару (репатриация) ісіне қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында», – деп хабарлады сыртқы саяси ведомство.

Польша Әйел Марқұм табылды

Тақырыпқа жаңалықтар