Премьер-министр еліміздегі пойыздардың кестеден кешігіп қатынауын сынға алды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos

Премьер-министр еліміздегі пойыздардың кестеден кешігіп қатынауын сынға алды

Премьер-министр еліміздегі пойыздардың кестеден кешігіп қатынауын сынға алды. Ауа райы мен басқа да оқыс жағдайларды қоспағанда, бұл көлік түрінің тең жартысы діттеген жеріне кемі 40 минут кешігіп жетуді дағдыға айналдырған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевқа бағытталған сұраққа, ол тек кешірім сұрап жауап қатты. Айтуынша, соңғы бес жылда шойын жолда жөндеу жұмыстары қарқын ала бастағандықтан, мұндай кешігу бола береді. Сондықтан жолаушыларды түсіністікпен қарап, сабырға шақырудан басқа амал жоқ дейді төраға.

Ал қуантарлығы, көлік министрлігі бүгін хабарлағандай, мереке күндері мен алдағы жарты жылда пойыз билетінің бағасы қымбаттамайды.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

— Жолаушыларды тасымалдайтын пойыздың билеті, бағасы ауыспайды. Сонда келесі жылы өзгеріссіз қала ма? Иә алдағы мереке күндері де, баға қалыпты болады. Бізде 1-қазаннан бастап жолаушылар пойызының бағасы қымбаттады. Одан басқа алдағы уақытта қымбаттау жоспарланып отырған жоқ.

бектенов Сын пойыздар кешігу

Тақырыпқа жаңалықтар