Президент Қазақстан құтқарушыларын кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.
Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда аталып өтеді.
Кәсіби мерекенің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: