Президент Шымкент қаласына келіп не істеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына келді, деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Ол қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 24 миллиард теңге қаражат жұмсалған Шымкент әуежайының жаңа айлағына барды.
Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік береді.
Тоқаев әлем бетпе-бет келіп отырған жаңа сын-қатерлерге қатысты пікір білдірді.
«Қаңтар-наурыз айлары бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 5,8% болды. Бұл – қазіргі күрделі жағдайда өте жақсы көрсеткіш деп күмәнсіз айтуға болады...Сонымен қатар әлемдік дағдарыс күшейіп кеткен жағдайда еліміз Ұлттық қор резерві мен алтын валюта қорының мүмкіндіктерін қолдана алады», - деді мемлекет басшысы.