Президент Тоқаевтың әкесіне қатысты құпия құжат табылды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапаттау парағын жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Құжатта оның 1945 жылдың қаңтарында Польшада көрсеткен ерлігі үшін «II дәрежелі Отан соғысы»орденімен марапатталғаны жазылған.

Онда Тоқаевтың жау орналасқан жерге бірінші болып кіріп, бесеуінің көзін жойып, біреуін тұтқынға алғаны баяндалады. Жараланған оны кейін әлемге танымал хирург болған жас дәрігер Гавриил Иллизаров аман алып қалғаны белгілі болды.

Тоқаев кемел Соғыс марапаттау

Тақырыпқа жаңалықтар