Президент UEFA президентін қабылдады
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының Қазақстанға көрсетіп отырған қолдауына алғыс айтты.
Президент Александер Чеферинмен отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыруды жоспарлады. Олар клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды.
Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Ол UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: