Президенттің туыстары билікке келе алмайды

Президенттің туыстары билікке келе алмайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұны мемлекет басшысы Тоқаев айтты.

"Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқаруына, тіпті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы болуына тыйым салатын норма айрықша мәнге ие. Бұл ереже биліктегі отбасылық жүйеге және оның бір қолға шоғырлануына тосқауыл қояды", - деді президент.

Президент кейбір ықпалды адамдар, басқаша айтқанда «сұр кардиналдар» немесе «саясат сахнасының сыртындағы ойыншылар» мемлекеттік институттарды алмастырмауы керек екенін айтты. Сонымен қатар бұл тәжірибе түбегейлі жойылатынын жеткізді.

Президент туыс Билік Басшы

Тақырыпқа жаңалықтар