Прокуратура Шерзат Полаттың ағасының ісі не себепті жабылғанын түсіндірді
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған айғақтар, сараптама қорытындылары және басқа да материалдарға сүйене отырып, Ғайыпбаев Нұрқанаттың өлімі өз-өзіне қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен оны суицидке итермелеу фактілері тіркелген жоқ», – деп хабарлады прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, осыған байланысты биыл 17 маусымда тергеу органы Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес істі тоқтату туралы шешім шығарған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: