Қазақстан жаңалықтары15 маусым 2024, 14:00

Психикалық ауытқуы бар адам қалай алты бала асырап алған?

Шымкентте психикалық ауытқуы бар адам алты баланы қалай асырап алған? Балалардың құқығын қорғау комитеті аталмыш оқиғаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

— Алты баланы бұл азамат өзінің отбасында тәрбиелеген. Екеуі асырап алынған, қалған төртеуі қамқоршылық, қорғаншылық органдарында. Баланы осы отбасыға орналастырғанда ол азаматтың тарапынан тапсырылған құжаттарда талапқа сай толық сәйкестік болды. Бала құқығын қорғау комитеті қазір бұл мәселені тексеріп жатыр, дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.  

Шымкенттегі сұмдық жайтты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жариялаған. Балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар оларды ит-мысықпен бірге ұстап, жануарлардың зәрін ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әлі аяқталған жоқ.

Балаларды асырап алу немесе оларға қорғаншылық, қамқоршылық тағайындау кезінде комитет қызметкерлері қателік жібергені анықталса, олар жазасыз қалмайды, деді балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілі.

Мамандар қорғаншы және қамқоршы органдарының қызметін күшейтетін заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатқанын айтты. Қазір елде қамқоршы органдарда 400 адам еңбек етеді.

Оның санын көбейту сұралып отыр.

Мәселен, Шымкентте 450 мың баланың тұрмыс жайын қадағалауға небәрі бес қызметкер жауапты.

алты бала Шымкент асырау писх

Тақырыпқа жаңалықтар