Қазақстан жаңалықтары26 қазан 2023, 12:41

Қайрат Боранбаевтың қашан босатылатыны нақтыланды

Жазасы жеңілдетілген кәсіпкер Қайрат Боранбаев жақын арада бостандыққа шығады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатынын сұрады.

«Осыған дейін сот шешімі шықты. Сот шешімі заңды күшіне енген кезде босатылады. Жалпы, 15 күндей күту керек. Қателеспесем, тиісті шешім бір апта бұрын қабылданды. Сондықтан енді бір аптадан кейін ол шығуы мүмкін», - деді Әсет Шындалиев.

Еске салайық, жуырда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 қазанда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілдетілгені жарияланды. 

«Сот сотталушы «Б.»-ның өтінішін қанағаттандыра отырып, жазаның қалған бөлігін бостандықты шектеу түріне ауыстырды» делінген Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының хабарламасында.

Еске салсақ, биыл наурыз айында сот шешімімен Қайрат Боранбаевқа 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кейін сотта бұл үкім қайта қаралып, мүлкін тәркілеу және жазаны екі жылға қысқарту белгіленді. 

Қайрат Боранбаев бостандық Бас прокуратура

Тақырыпқа жаңалықтар