«Қайрат» футбол клубына айыппұл салынды
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіп және этика комитеті "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарына айыппұл салды, деп хабарлайды Arbat.Media ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Кезекті отырыста матчтардағы ереже бұзушылықтар қаралды. Нақтырақ айтқанда, 14 қыркүйекте Алматыда өткен "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған ойыны талқыланды.
Комитет "сары-қара" түсті киімдегі жанкүйердің қарсыластар мен төрешілер тобына дөрекі сөздер айтқанын атап өтті. Тіпті көрерменнің алаңға жүгіріп шыққаны да тіркелген.
Осылайша "Команда жанкүйерлерінің ерсі әрекеті, ұйымдастырудағы қателіктер, қауіпсіздік ережелері мен Чемпионат Регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін" "Қайрат" футбол клубына 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Жанкүйерлері қарсыластарына дөрекі сөз айтқаны үшін "Ақтөбе" клубы да жазаланды. Клубқа 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.