«Қайрат» қақпашысы чемпиондар лигасы матчы алдында жарақат алды

«Қайрат» қақпашысы чемпиондар лигасы матчы алдында жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Темірлан Анарбеков «Ақтөбемен» ойнаған матчтың 11-минутында қарсылас ойыншымен соқтығысты.

Қақпашыны зембілге жатқызып, электромобильмен алаңнан алып шықты.

Анарбеков «Қайрат» «Селтикті» ұтып, чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған сәтте жанкүйерлер үшін нағыз қаһарман атанған.

«Қайраттың” чемпиондар лигасындағы «Реалға» қарсы ойыны 30 қыркүйекте өтеді.

Қайрат футбол команда доп

Тақырыпқа жаңалықтар