Қақпашы Темірлан Анарбеков көлікті болды
Алматылық "Қайраттың" УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына үлкен үлесін қосқан қақпашы Темірлан Анарбековтің де еңбегі еленді. Отандық кәсіпкерлер футболшыға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Темірлан Анарбековке көлік сыйға тарту еткен сәттің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Бейнежазбада кәсіпкерлердің қақпашыға автокөлік кілтін табыстап жатқанын көруге болады. Кездесуге Темірланмен бірге жақындары да барған. Кәсіпкерлер футболшының анасына алғысын білдіріп, үлкен гүл шоғын сыйлаған.
"Қайрат" футбол клубының қақпашысы мұндай сыйды мүлдем күтпегенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
"Ассалаумағалейкум, барша қазақ халқына! Көріп жатырмын, естіп жатырмын. Барлықтарыңызға алғысым шексіз! Нәтиже менің емес, бүкіл клубтың, бүкіл Қазақстанның көмегі деп ойлаймын. Сіздер де жанкүйер болсаңыздар, біз өзімізді одан да жақсы көрсетеміз бұйыртса", - деді Темірлан Анарбеков.