Қарағанды облысында полиция қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірді

31 тамыз күні Қарағанды облысында полиция қызметкері әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Қайғылы оқиға Топар кентіндегі ГРЭС бекетінде болған. Кіші сержанттардың екеуі де органдарда бір жыл жұмыс істемегені туралы белгілі болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, полицияның кіші сержанты абайсызда табельдік қаруды атып жіберген. Оқ әріптесінің басына тиіп, ол сол жерде қайтыс болды", - деп хабарлады аймақтағы ПД.

Сондай-ақ, екі қызметкер де Жезқазған қаласы бойынша ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының екінші батальонының құрамында қызмет еткені айтылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.

Қарағанды полицей әріптес оқ атты

Тақырыпқа жаңалықтар