Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы бала табылды

Бейбарыс 1 сәуір күні күндіз Абай қаласында достарымен серуендеуге шыққан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кешке қарай ол үйіне жалғыз жаяу қайтуды шешіп, адасып кеткен.

Жолда бала анасына дауыстық хабарламалар жіберген.

Ол телефонының өшуіне 60 секунд қалғанын айтып, көмек сұраған. Хабарламасында өлгісі келмейтінін айтып, анасына оны жақсы көретінін жеткізген.

Бала аман-есен табылды. Полицияның мәліметінше, қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Қарағанды Бала полиция жоғалды

Тақырыпқа жаңалықтар