Қарағандыда зейнеткер аса ірі көлемде есірткімен ұсталды
Қарағанды облысында 75 жастағы қала тұрғыны аса ірі көлемде есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері теміржол вокзалында жүргізілген тінту кезінде күдіктінің қол жүгінен өсімдік тектес есірткі заттары – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш тәркіленді.
Одан бөлек күдіктінің автокөлігін тексеру барысында екі ірі брикет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың ішінде де марихуана болған.
Жалпы тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 20 келіні құрады. Аталған дерек бойынша іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: