Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2025, 15:30

Қарттар үйінде өрт шықты: 20 адам қаза болды

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, өрт сейсенбіде кешкі сағат 21:00 шамасында Чэндэ штатындағы Лонхуа округінде тұтанған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт кезінде ғимаратта 39 қарт адам болған.

"Өрт шамамен сағат 23:00-де сөндірілді. Сәрсенбіде таңғы сағат 3.00-тегі жағдай бойынша 20 адамның қаза болғаны расталды. Қалған 19 адам медициналық бақылаудан өту үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір қарттар үйіне жауапты тұлға полиция бақылауына алынды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау жалғасып жатыр.

Өрт, қарттар үйі
11 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
12 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар