Қаржаубайдың отбасы күзде жаңа баспанаға кіреді
Қаржаубай Нұрымовтың отбасы 15 қазанға дейін жаңа баспананың кілтін алады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Шерзат Полат ісінде Қаржаубайдың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шакеев әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Міне батыр. Деседе халық өз батырын білу керек», - деп жазды ол.
Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеуге септігін тигізедә екен. Адвокат «Асар Уме» басшысына да өз алғысын жаудырды.
Айта кетейік, былтыр 4 қазанда Шерзат Полат бір топ жігіттің қолынан қаза тапты. Ал 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: