Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды
Қытайға ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР Өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Екі күндік ресми сапар барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.
Сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.