Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2023, 17:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен алдағы кездесуі туралы айтты

Ресейлік  «Известия» газетіне сұхбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Астанада өтетін кездесуінде талқыланатын күн тәртібіндегі мәселелер ауқымды екенін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды. 

«Біз екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық серіктестікті егжей-тегжейлі талқылауды жоспарлап отырмыз. Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясында өзара әрекет ету аспектілерін қарастырамыз. Қазіргі ахуал, халықаралық жағдайды дамыту негіздері туралы пікір алмасамыз. Бағдарламаның тағы бір бөлігі – Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу. Бұл – екі елдің аймақтары мен кәсіпкерлері арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетін ерекше әрі тиімді формат. Биыл біз Қостанай қаласында форумды 19-шы рет өткіземіз. Іс-шара тақырыбы – ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестік. Ресей Президентінің Қазақстанға сапары мен форум сәтті және жемісті болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Путин Кездесу
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар