Қазақстан жаңалықтары26 қараша 2023, 2:33

Қазақ аспаз Түркиядағы гастрофестивальде бірінші орын алды

Бағдат Қадыров Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жарыстың қалай өткені туралы Бағдат Қадыров Instagram парақшасында айтып берді.

Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен 750-ден астам аспаз мамандары қатысқан.

Аспаздардың әзірлеген тағамдарын 15 елден келген қазылар алқасы, соның ішінде Мишлен жұлдызы иегерлері бағалады.

- Фестивальге екі номинация бойынша қатысып, 1-ші және 2-ші орындарға ие болдым. Әділқазылардың дайындаған тағамдарыма деген реакциясы маған қатты ұнады, – дейді Бағдат.

Бағдат Қадыров гастрофестиваль бірінші орын түркия

Тақырыпқа жаңалықтар