Қазақстан жаңалықтары22 қазан 2023, 12:05

Қазақ тілін кемсіткен қызға қатысты қылмыстық іс қозғалады

Алматы полиция департаменті әлеуметтік желіде қазақ тілін «мамбет тілі» деп мәлімдеме жасаған қыздың әрекетіне қатысты тергеу жүргізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Алматы полиция департаменті ҚР ҚК 174-бабының (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) нормаларына сәйкес, тергеу жүргізіп, заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол қыз видеода қазақ тілін ұнатпайтынын алға тартып, Алматыға келетін ауыл тұрғындарына қатысты ар-намысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

қазақ тілі кемсіту Тергеу қылммыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар