Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ертең еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күндіз ауа температурасы 10°С-қа дейін күрт төмендейді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жетісу, Абай, ШҚО және Жамбыл облыстарында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, Жамбыл мен Жетісуда екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 1°С дейін үсік жүреді.

Көптеген өңірлерде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Ауа райы Қазақстан Климат уақыт
25 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар