Қазақстан жаңалықтары27 желтоқсан 2023, 9:00

Қазақстан мен Ресей үш ЖЭО салу жөніндегі келісімге қол қойды

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы ресейлік әріптестермен энергетика мәселелері бойынша келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысының Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Фирма ОРГРЭС» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Яхьяевпен және «Интер РАО — Экспорт» бас директоры Максим Сергеевпен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Интер РАО — Экспорт» компаниясы арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу жобалары, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Фирма ОРГРЭС» компаниясы арасында Екібастұз ГРЭС-2-де ресейлік жабдықты пайдалана отырып, № 3 және № 4 энергоблок салу жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қос тарап энергетика саласында әріптестік пен инфрақұрылымды дамыту жөнінде тәжірибе алмасуға ниетті екенін жеткізді.  

 

Самұрық-Қазына Қазақстан мен Ресей ЖЭО салу Келісім

Тақырыпқа жаңалықтар