Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге биылғы алғашқы сапарын Еуропадан бастап отыр. Мемлекет басшысының ресми сапарынан не күтеміз және бұған дейін қос ел арасында қандай қарым-қатынас болды? Кazinform сарапшысы бұл жөнінде шолу материал ұсынған еді.