Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльстен жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Уэльс командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің бесінші туры аясындағы матч "Астана Аренада" өтіп, 0:1 есебімен алаң қожайындарының жеңілісімен аяқталды.

Кездесудегі жалғыз голдың авторы Англияның екінші лигасындағы "Рексхэм" клубы мен Уэльс құрамасының шабуылшысы Киффер Мур болды. Футболшы матчтың 24-минутында есеп ашты.

Бұған дейін командалар іріктеу кезеңінің бірінші туры аясында кездескен. Ол кездесу де Уэльс құрамасының жеңісімен (3:1) аяқталған.

Бүгінгі жеңістен кейін Уэльс құрамасы 10 ұпайға ие болып, турнирлік кестенің бірінші орнына шықты. Қазақстандық команда қазіргі уақытта J тобында төртінші орында тұр.

Әли Әлиевтің ойыншылары келесі матчты 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгия командасына қарсы өткізеді. Кездесу қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.

футбол Уэльс команда Чемпионат

Тақырыпқа жаңалықтар