Қазақстан жаңалықтары23 желтоқсан 2023, 12:00

Қазақстан суды ең көп тұтынатын елдер қатарында

Орталық Азиядағы көрші мемлекеттер сияқты Қазақстан да суды тұтыну деңгейі өте жоғары елдер қатарында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Aquastat деректері бойынша, Қазақстанда 2020 жылы жан басына шаққандағы судың жалпы көлемі 1,31 мың текше метрді құрады. Яғни бір адам тәулігіне шамамен 3,6 мың литр су жұмсайды. Бұл туралы Energyprom жария етті. 

ТМД елдері арасында сондай-ақ Түрікменстан (бір адамға жылына 4,35 мың текше метр), Өзбекстан (1,76 мың текше метр), Әзербайжан (1,24 мың текше метр), Қырғызстан (1,17 мың текше метр ) және Тәжікстан (1, 04 мың текше метр) кірді.

Суды тұтынудың айтарлықтай жоғары деңгейі Арменияда (жан басына шаққанда 954,7 текше метр), Ресейде (444,2 текше метр) және Грузияда (414,6 текше метр) тіркелді. Украина, Молдова және Беларусь елдерінің көрсеткіштері әлдеқайда төмен болды.

Бұдан бөлек, суды тұтынудың ең жоғары деңгейі бар елдердің барлығында дерлік жылдық динамика төмендесе, Қазақстанда 2020 жылғы көрсеткіштің былтырғымен салыстырғанда 2,7% өсімі тіркелді.

Суды немқұрайлы тұтынудың себебі анық – бұл оның бағасы, біздің өңірде әлемдегі ең төмен бағаның бірі тіркелген.

Осылайша, The International Benchmarking Network for Water and Sanitation Utilities деректерінше,  2021 жылы әлемнің 90 елі арасында Қазақстан сумен қамтамасыз ету бойынша «ең арзан» «үштікке» енді. Құбырдан аққан судың бір текше метрінің құны айына 15 текше метр тұтыну кезінде бар болғаны 0,14 АҚШ долларын құрады.

Су бағасы «ең арзан» елдердің қатарында сондай-ақ Тәжікстан (бір текше метр үшін 0,1 АҚШ доллары), Өзбекстан (0,15 доллар), Әзербайжан (0,41 доллар) және Ресей (0,49 доллар) бар.

Бәлкім, Беларусь пен Украина ғана суға аса жауапкершілікпен және мұқият қарайтын шығар: ол жақта су бағасы төмен болғанымен, тұтыну Қазақстан Республикасы мен көршілерімізден бірнеше есе төмен.

Беларусь пен Украина елдері ғана суға аса жауапкершілікпен және мұқият қарайтын шығар: ол жақта су бағасы төмен болғанымен, тұтыну Қазақстан мен көрші елдерден бірнеше есе төмен.

Салыстыру үшін: Данияда судың құны Қазақстанға қарағанда 25 есе қымбат, бұл ретте бізде оны тұтыну 8 есе жоғары. Швецияда тарифтер 22 есе, ал бізде жан басына шаққандағы тұтыну 5 есе жоғары.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қараша айында республика бойынша орташа есеппен алғанда 1 текше метр судың бағасы 74,21 теңгені құрады. Яғни, ағын судың 1 литрі 7,4 тиын тұрады.

Орталық Азия мен жалпы ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда бөтелкедегі су бағасының құбырдан аққан суға қарағанда бірнеше есе қымбат екеніне қарамастан арзан. Мысалы, Numbeo мәліметінше, мейрамханаларда көлемі 0,33 литр судың бір бөтелкесі Қазақстанда орта есеппен $0,48 тұрады. Салыстыратын болсақ, Швейцарияда ол 9 есе, Данияда 6 есе, Швецияда 4 есе қымбат.

Су жер бетінің шамамен 70%-ын алып жатқанына қарамастан, ауыз су соншалықты көп емес - тек 3% екенін есте сақтау керек.

БҰҰ мәліметінше, миллиардтан астам адам суға қол жеткізе алмай отыр, ал тағы 2,7 млрд адам жылдың кемінде бір айында су тапшылығын сезінеді.

2030 жылға қарай судың жаһандық тапшылығы 40 пайызды құруы мүмкін, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 15 пайызға жете алады.

Су Әлем Қазақстан суды үнемдеу

Тақырыпқа жаңалықтар