Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2024, 14:00

Қазақстан жолшылары алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысты

Қар тазалау техникасы операторлары арасында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары бойынша Германияның Мендиг қаласында Еуропа чемпионаты өтті. Көлік министрлігінің мәлім етуінше Қазақстан мамандарының аталған іс-шараға қатысуы жолшылардың халықаралық кәсіби қоғамдастығына қосылғанымен тең, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Айта кетсек, аталған іс-шараға Қазақстан алғаш рет қатысты. Жалпы оған Германия, Австрия, Франция, Бельгия, Словакия, Чехия, Венгрия, Словения, Қазақстан елдерінен 26 топ қатысқан. Елімізден қатысқандар: «Астана Тазалық» ЖШС, «Операциялар және инвестициялар» ҮАААЖ ЖШС және «ҚажСервис» ЖШС, яғни 3 топ.

Аталған чемпионат екі жылда бір рет өткізіледі. Чемпионат тәжірибе алмасуға және жолдарға қысқы қызмет көрсету саласындағы үздік технологияларды көрсетуге бірден-бір мүмкіндік береді.

«Барлық қатысушылар дайындық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін растайтын дипломдар алды. Бұл құнды тәжірибе Қазақстандағы жолдарды қысқы күтіп-ұстауды жетілдіру үшін пайдаланылатыны сөзсіз», деп мәлімдеді Қазақстан делегациясының мүшесі, PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының Ұлттық комитетінің атқарушы директоры Дмитрий Бессонов.

Қазақстан жолшылар Еуропа чемпионаты Германия

Тақырыпқа жаңалықтар