Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

«Қазгидромет» 20-22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. 

20 тамызда елдің орталығында, 21 тамызда шығысында, 22 тамызда солтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Батыс өңірлер мен оңтүстік-шығыста қатты ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +30...+38°C, ал Маңғыстау облысының кей жерлерінде +41°C-қа дейін көтеріледі. 

Қостанай облысында ауа температурасы +20...+30°C, солтүстік өңірлерде +17...+28°C, орталық пен шығыста +17...+30°C, оңтүстікте +30...+38°C аралығында болады.

Қазгидромет Ауа райы болжам

Тақырыпқа жаңалықтар