Қазақстанда алғашқы аэротакси сынақтан өте бастады

Қазақстанда алғашқы аэротакси сынақтан өте бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

19 мамырда Алатау қаласында алғашқы аэротакси сынақтан өткізіле бастады.

Бұл шара елімізде қалалық әуе мобильділігін дамыту және инновациялық көлік шешімдерін енгізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сынақ жұмыстары Алматы маңындағы республикалық тасжол бойында орналасқан ашық алаңда өтіп жатыр. Қазіргі уақытта мұнда тік ұшып-қонатын электрлік аппараттарға (eVTOL) арналған еліміздегі алғашқы вертипорт салынуда. Жоба аясында қытайлық AutoFlight компаниясы шығарған алты орындық PROSPERITY моделі таныстырылды. Сағатына 250 шақырымға дейін жылдамдық жинай алатын аппараттың алғашқы ұшулары қауіпсіздік талаптарына сай әзірге жолаушыларсыз орындалуда.

Қазақстан алғашқы такси Сынақ

Тақырыпқа жаңалықтар