Қазақстанда мектеп асханалары ескертусіз тексерілетін болды

Қазақстанда мектеп асханалары алдын ала ескерту айтылмай тексерілетін болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл шешім Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улану жағдайынан кейін қабылданды.

Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарына мемлекеттік бақылау жүргізудің жаңа тәсілдерін әзірледі. Ведомство қолданыстағы нормалар барлық мекемені толық қамтуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті.

Сонымен қатар мейрамханалар да да улану дерегі көбейіп келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінен ведомствоаралық жұмыс тобы құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман кірген.

асхана Мектеп Оқушы

Тақырыпқа жаңалықтар