Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандарға іздеу салынды

ҚМА АҚШ және Украина азаматтарына іздеу салды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соттың санкциясымен Дмитры Дружинскы мен Марина Левковичке сырттай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚМА мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген. «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен адамдар тобы басқарғаны анықталды.

Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен айналысқан. Олар төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банк өкілдерімен өзара байланысып, ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен.

Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталған. Кейін электрондық ақшаны лицензиясы бар компаниялар арқылы криптовалютаға айырбастаған.

ҚМА казино құмар ойыны АҚШ

Тақырыпқа жаңалықтар