Қазақстандықтардың жартысынан көбінің несие тарихы нашар
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары6 қыркүйек 2024, 11:00

Қазақстандықтардың жартысынан көбінің несие тарихы нашар

Халықтың 56%-ының несие алу тарихы нашар, соның салдарынан ипотекалық бағдарламаларға қатыса алмайды.  А.Жұмағұлов қаржылық сауат үшін үлкен жауапкершілік қаржы институттарының мойнында екенін атап өтті. «Тұтынушылардың мінез-құлқына қарай ауып кету байқалады. Өйткені менің ойымша, біз қаржы институттары ретінде белгілі бір өнімдерді шығарғанда және тұтынушылар мінез-құлқының өзгеруіне ықпал еткенде үлкен жауапкершілік аламыз», - деді директорлар кеңесінің мүшесі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Freedom банкінің директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов Astana Finance Days сессиясында мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Спикер келтірген статистика бойынша Қазақстан халқының 34%-ында жинақ салымы бар. Ал бүкіл Орталық Азия бойынша статистика орташа есеппен 23% ғана. Салыстырмалы түрде, Еуропада халықтың 65%-ында жинақталған қаражат бар.

«Елімізде экономикалық белсенді 9-10 миллион адамның 8 миллионға жуығы қандай да бір жолмен несие өнімдерімен бетпе-бет келген», - дейді Жұмағұлов.

Бұл ретте сарапшы 18-23 жастағы жастар арасында мерзімі өткен кредиттер үлесі жыл сайын өсіп келе жатқанын айтып отыр. 2022 жылдың басында олардың үлесі 13,1% болса, 2024 жылдың тамызында – 20,3% дейін ұлғайған. А.Жұмағұлов тұтынушылық несиелер мен бөліп төлеу қазақстандықтардың тұтынушылық мінез-құлқын өзгертіп жатыр деп санайды.

«18 жастағы жігіт немесе қыз өз жасында мерзімі өткен несие қалыпты жағдай деп ойлайды және әрдайым несие ала беретіндей көреді. Мысалы, 25 жасында автокөлік несиесін алғысы келсе, 30 жаста отбасын құрып, ипотека алғысы келсе – мұны жасай алмайды. Біз клиенттердің 87%-ына несие тарихы нашар болғандықтан, 31%-ына – табыс жеткіліксіз болғандықтан несие беруден бас тартамыз», - деді А.Жұмағұлов.

 

Қазақстандықтар несие тарихы

Тақырыпқа жаңалықтар